Басқарылатын құрылғы

Басқарылатын құрылғы – Желілік агент орнатылған Windows, Linux немесе macOS басқаратын компьютер немесе "Лаборатория Касперского" қауіпсіздік қолданбасы орнатылған ұялы құрылғы. Сіз мұндай құрылғыларды, құрылғыларда орнатылған бағдарламаларға арналған тапсырмалар мен саясаттардың көмегімен басқара аласыз. Сондай-ақ, сіз басқарылатын құрылғыларға арналған есептерді құрастыра аласыз.

Сіз тарату нүктесі мен қосылым шлюзі функцияларын орындайтын басқарылатын ұялы емес құрылғыны конфигурациялай аласыз.

Құрылғы тек бір Басқару серверінің басқаруымен болуы мүмкін. Бір Басқару сервері ұялы құрылғыларды қоса алғанда, 100 000-ға дейінгі құрылғыларға қызмет көрсете алады.

Басына оралу